Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Жүргізуші ішімдік ішкенін "мас қызбен сүйістім" деп жасырмақ болды

AstanaTV
23.01.2024ж. 14:49
808
Жүргізуші ішімдік ішкенін "мас қызбен сүйістім" деп жасырмақ болды

Павлодарлық полицейлер мас күйде көлік басқарған азаматты ұстады. Ол өзін ақтап алу үшін мас қызбен сүйіскенін айтты.

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері тәулік бойы рейдтік іс-шараларды жүзеге асырады. Жыл басынан бері ғана қызмет инспекторлары мас күйінде автокөлікті жүргізудің 43 дерегін анықтады.

Жүргізушілер өздерін ақтап алу үшін әрдайым жаңа және қызық себептер ойлап табады.