Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Қоғамдық көлік жүргізушілері бір күнде мыңнан астам ереже бұзды

AstanaTV
23.01.2024ж. 15:16
825
Қоғамдық көлік жүргізушілері бір күнде мыңнан астам ереже бұзды

ІІМ “Автобус” республикалық операциясы аясында бір күнде полицейлер жол қозғалысын қадағалау кезінде қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған 1 150 жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі анықталды.

Оның ішінде алкогольдік масаң күйде көлікті басқарудың 5 фактісі, қарсы жолаққа шығудың 4 дерегі, еңбек және демалыс режимін бұзуға қатысты – 4, міндетті сақтандыру туралы заңнаманы бұзудың – 89, рейс алдындағы тексеруден өтпеудің – 26, техникалық байқаудан өтпеудің – 159, жылдамдықты арттырудың – 21, телефонды пайдаланудың – 309, 311 – маневр жасау ережелерін бұзу, 37 – ластаушы заттар шығарындыларының нормаларынан асып кету, 94 – жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу, жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың 27 фактісі тіркелді, оның ішінде 23-і такси жүргізушілері болған.

Сондай-ақ операция кезінде тәртіп сақшылары жол қауіпсіздігі талаптарына сай келмейтін 4 рұқсат етілмеген автотұрақты жауып, 800-ге жуық қоғамдық көлікті тексеріп, 61 заңсыз түрлендірілген автобусты анықтады. Автобус парктерінің 22 лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айта кетейік, “Автобус” профилактикалық іс-шарасын өткізуге 8,3 мыңнан астам полиция қызметкері, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өкілдері мен жұртшылық жұмылдырылған.