Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Бүгін таңертең болған екі жер сілкінісі алматылықтарға сезілген жоқ

AstanaTV
24.01.2024ж. 10:00
1545
Бүгін таңертең болған екі жер сілкінісі алматылықтарға сезілген жоқ

Бүгін таңғы уақытта Алматыда бірнеше жер сілкінісі болды.

Бұл жағдайды сейсмикалық стансалар желісі тіркеген.

Бірінші дүмпу таңғы сағат 05:50 кезінде болды.

Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 267 шақырым жерде, Қытай аумағында болған.

Зілзаланың энергетикалық санаты — 11.1. MPV магнитудасы — 5.0.

Тереңдігі — 5 шақырым. 

Алматыда сезілген жоқ.

Екіншісі таңғы 07:35 кезінде Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 250 шақырым жерде, Қытай мен Қырғызстан шекарасында тіркелді.

Энергетикалық санаты — 11.3. MPV магнитудасы — 4.9.

Тереңдігі — 5 шақырым.