Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Енді жаңа туған сәбилер аты-жөнінен бұрын ЖСН алады

AstanaTV
24.01.2024ж. 11:56
1479
Енді жаңа туған сәбилер аты-жөнінен бұрын ЖСН алады

Жаңа туылған баланың жеке деректерін жоғалту қаупін болдырмау үшін бала туғаннан кейін бірден, алғашқы 20 минут ішінде жеке сәйкестендіру нөмірлерін (ЖСН) беру ұсынылады. Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс, цифрландыру және ақпараттандыру саласының инвестициялық ахуалын арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырған депутат Екатерина Смышляева осылай деді.

«Заң жобасы аясында бірқатар түзету Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға бағытталған. Заң жобасы үш блоктан тұрады. Бұл байланыс саласын дамыту, цифрландыруды арттыру және инновацияны қолдау», - деді депутат.

Мәжіліс депутаттары заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.