Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Ақтөбеде №33 мектептің оқушылары екі корпус арасында жүгіріп жүріп білім алуға мәжбүр

24.01.2024ж. 20:00
739
Ақтөбеде №33 мектептің оқушылары екі корпус арасында жүгіріп жүріп білім алуға мәжбүр

Ақтөбеде №33 орта мектептің ата-аналары шу шығарды. Айтуларынша, балалар ескі және жаңа ғимарат арасында жүгіріп жүріп білім алуға мәжбүр. Ескі ғимаратта спорт зал бар да асхана жоқ, асхана жаңа мектепте орналасқан. Аязды күні, жаңбырлы күндері екі ортада жүрген балалар аурушаң болған. Енді ата-аналар басшылықтан сол екі ғимаратты қосатын дәліз салып беруді талап етіп отыр.

Екі ғимараттың бірі-1936 жылы, екіншісі 60-шы жылдары салынған.Ата-аналар осы екеуінің арасын жалғайтын дәліз салып берсін дейді. Өйткені спорт зал мен асхана басқа ғимаратта болғандықтан балаларға үзілісте екіортада жүгіріп жүруге тура келеді.

Шолпан МҰҚАҚОВА, АТА-АНА:

Тегін тамақ дейді де 26 баланы топырлатып мына жаққа апарады. Балдарды өзіміз шақ киіндіреміз. Бір апай қалай қарайды. Келеді сосын алба-жұлба , ашық шашық. Терлеп кеткен. Тамаққа барады 10 минут отыра ма, жоқ па кейін қайтады. Өйтіп ішкен тамағы құрсын. Сол тамақтың ақшасын, еселеп біз сосын дәріге жібереміз. Аяқтан өткен ызғар жаман. Балалар кроссовкамен осы екі ортада жүгіріп жүреді.

Мектепте акт залы атымен жоқ. Бұрынғы акт залы қазір асханаға айналған. Шенеуніктер бұл мәселеден хабардар. Мектепке қосымша құрылыс салуға жобалық сметалық құжат дайындау үшін қазынадан қаражат қарастырылып жатқанын жеткізді.

Меткүл ҚОСЫМБАЕВА, ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Бұл мектеп көне ғимарат. Олардың барлығында акт залы мен асхана бірге. Бұрынғы проект бойынша. Соны енді қазір біз галерея салған кезде осы жерге акт залы болатын қылып ұсыныс жасап отырмыз.

Ақтөбеде осындай асханасы мен акт залы біріккен ескі бес білім ошағы бар.