Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының қызметкері Антикордың тергеуінен кейін өзіне-өзі қол жұмсады.
«Солтүстік Қазақстан облысында қылмыстық іс бойынша сотталушының қарамағындағы қызметкердің өзіне қол жұмсағаны белгілі болды. Ол тергеуге куәгер ретінде қатысып, жан-жақты көмек көрсетті. Оған қатысты процессуалдық мәжбүрлеу шаралары қолданылмады. Сондай-ақ облыс бойынша оның емін-еркін жүріп-тұруына шектеу қойылмаған еді», – деп мәлімдеді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов.
Полиция суицидке итермелеу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.