Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

"Ауылда өрттен қорғанатын арнайы техника жоқ", - Үнзила Шапақ

"Ауылда өрттен қорғанатын арнайы техника жоқ", - Үнзила Шапақ

Былтыр елімізде 11 805 өрт оқиғасы тіркелді. Оның тең жартысы ауылдық жерлерде болған. Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ ауылдарда өрттен қорғанатын арнайы техника жоқ екенін айтып, Үкіметке депутаттық сауал жолдады. Ол алыс елдімекендерге аудан орталығынан көмек келіп жеткенше өртенген нысанның күлі де қалмайды дейді. "Ауылдық окургтерде өрттен қорғанатын ешқандай мүмкіндік жоқ", деген депутат елде аяқталмай жатқан өрт сөндіру деполарының құрылысын жедел аяқтау керегін айтты.

Үнзила ШАПАҚ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Екіншіден, өрт сөндіру бекеттерін толыққанды зерделеп материальдық-техникалық нығайту шеңберінде заманауи техникалық құрылғылармен қамтамасыз ету. Үшіншіден, Барлық ауылдық елді мекендердегі өрт сөндіру бекеттерін және ерікті өрт сөндіру құралымдарын пысықтап, тексеріп тұрғындары бар бүкіл ауылдарды жергілікті атқарушы органдар арқылы бір жылы бокспен және көмекші техникамен жабдықтауды міндеттеу.