Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Зейнетақы қорындағы қаражат 17,9 трлн теңгеге жетті

AstanaTV
25.01.2024ж. 12:32
560
Зейнетақы қорындағы қаражат 17,9 трлн теңгеге жетті

2024 жылғы 1 қаңтарға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 17,9 триллион теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты. 2023 жылы жинақ сомасы 3,2 трлн теңгеге немесе 21,8% ұлғайды.

Зейнетақы жинақтарының басым сомасы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасып, 17,3 трлн теңгеге жетті (2023 жылғы өсім - 21,6%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы - 568,5 млрд теңге (2023 жылғы өсім - 27,6%), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы шамамен 5,3 млрд теңге (2023 жылғы өсім - 48,3%) болды.

2023 жылы салымшылардың шоттарына шамамен 2,2 трлн теңге көлемінде зейнетақы жарналары түсті. Ол өткен жылғы көрсеткіштен 434,6 млрд теңгеге немесе 25,2% артық. Жарналардың жалпы көлемінің 95,5% мөлшерін БЖЗҚ-ға МЗЖ есебінен түсетін түсімдер құрайды. Олардың мөлшері – 2,1 трлн теңге (бір жылдағы өсім - 25,3%). МКЗЖ есебінен 95,5 млрд теңгеден астам қаражат түсті (бір жылдағы өсім - 24%). ЕЗЖ көлемі 2,3 млрд теңге.

Зейнетақы жинақтарының едәуір өсуіне салымшылардың зейнетақы жарналары есебінен ғана емес, сонымен қатар 2023 жылы шамамен 1,6 трлн теңгені құраған таза инвестициялық кірістің арқасында қол жеткізілді. Бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен 685,4 млрд теңгеге немесе 77,7% артық.

2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 12,3 млн бірлікке жетті. ЖЗШ-ның ең көп саны МЗЖ бойынша ашылған. Олардың саны - 11 088 699 бірлік. МКЗЖ есебінен қалыптастырылған шоттар саны - 642 462 бірлік, ЕЗЖ бойынша шоттар саны - 397 231 бірлік.