Спорт Қазақстан
$443.72 €482.28 ₽4.9
×

Павлодарда жол апатынан бір адам қайтыс болды

AstanaTV
25.01.2024ж. 13:21
741
Павлодарда жол апатынан бір адам қайтыс болды

Павлодар облысында екі жол-көлік оқиғасы болды. ЖКО салдарынан бір адам қайтыс болып, екеуі жарақат алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23 қаңтарда Успен ауылында, Гагарин – Чехов көшелерінің қиылысында, Газель-2705-111 автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.

24 қаңтарда Ақтоғай ауылының маңындағы Атамекен – Ертіс – Русская поляна автожолында 280 Е Mersedes-Benz және Volkswagen Passat автокөліктері соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Volkswagen Passat автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

– Барлық көлік құралдары арнайы айып тұрағына қойылды. Жол-көлік оқиғалары фактілері бойынша полиция тексеру жүргізіп жатыр, – дейді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі