Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Б.Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл: Алматыда әдеби кеш ұйымдастырылды

25.01.2024ж. 20:00
1159
Б.Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл: Алматыда әдеби кеш ұйымдастырылды

Қазақ әдебиетінің классигі, белгілі балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтің туғанына 100 жыл. Осыған орай Алматы қалалық балалар кітапханасында «Балалар әдебиетінің бағбаны» тақырыбында әдеби кеш ұйымдастырылды. Сондай-ақ, 6 сынып оқушылары арасында әдеби оқу өтті. Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа » атты повестің арқасында танымал болды. «Балалық шаққа саяхат» атты тағы бір шығармасы қазақ балалар әдебиетінің асыл мұрасына айналды. Бұл туындыларда жазушы балалық шағын қызықты етіп әңгімелейді. Соның арқасында оқырман сол дәуірдің шынайы тарихи шындықтарын көре алды.

Самал СОҚПАҚБАЕВА, Б. СОҚПАҚБАЕВТІҢ ҚЫЗЫ:

Біздің өсіп келе жатқан балаларымыз үшін, ұрпағымыз үшін маңызды нәрсе деп ойлаймын өйткені кітап деген енді, кітаптің тәрбиесі ерекше болады.Сондықтан менің арманым әкемнің де арманы шығар жартылай орындалған шығар. Балалардың мына кітапқа кішкене көбірек көздерін салса, қолдарына кітапты жиірек алса, кітапты көбірек оқыса дейміз. Сол үшін осы қазіргі өтіп жатқан шаралардың маңызы зор.