Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Астанада күніне шамамен 500 адам жарақат алады

26.01.2024ж. 20:00
398
Астанада күніне шамамен 500 адам жарақат алады

Астанада күніне шамамен 500 адам жарақат алады. Бірі көшеде мұзға құлап, қол-аяғын шығарып, сындырып алса, енді бірі сырғанақтан зардап шегеді. Әсіресе, балалар. Қалада 60-тан аса сырғанақ пен мұз айдыны бар. Ал онда қауіпсіздік шаралары ескеріліп жатыр ма? Тілшіміз Арайлым Қанатқызы көрді.

Арайлым ҚАНАТҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Әсіресе, демалыс күндері сырғанақтың айналасы адамға толады. Үлкен де, кіші де осында. Бірақ, қауіпсіздік шаралары сақтала ма? Көрейік.

Василий ЕКОВЕНКО, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Балаларымды ойын алаңына жиі әкеліп тұрамын. Адам мұнда күнде толы. Тюбингте сырғанаған қызық, алайда қауіпті. Жердің бәрі мұз, абайламаса, тайып жығылуы да мүмкін. Балаларымды жалғыз сырғанатпаймын. Үнемі қастарындамын.

Арайлым ҚАНАТҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Бұл тюбингтерді жалға алу ақысы сағатына -2000 тг. Бұдан бөлек коньки, шаңғы, квадроцикл сынды ойын-сауық түрлері бар. Тоңып, жаурап қалғандарға да арнайы орындар қарастырылған. Ыстық шәй мен тоқаш алып жеуге болады.

Қыстың қызығын көріп жүргендер жетеді. Әсіресе, кешкі уақытта және демалыс күндері көбейеді. Шамамен 50-ден астам адамға қызмет көрсетеміз дейді тюбинг жалға берушілер. Олардың қауіпсіздігі ескерілген, бірақ, сонда да жарақат алатындар бар көрінеді.

Мұрат ТҰРМАҒАМБЕТҰЛЫ, КӘСІПКЕР:

Біз өзіміз де безопасностьқа қараймыз. Адамдарды өзіміз сырғанатамыз. Келген адамдарды қарап тұрамыз. Чтобы, бас жарылу немесе басқа да жағдайлар болмас үшін. Сондай жағдайлар бар.

Қалада 4 травматологиялық пункт бар. Оның 1-еуі балаларға арналған. Мұнда күніне шамамен 500 адам жарақатпен түседі.

Алексей СОЛОД, ҚАЛАЛЫҚ №1 АУРУХАНАНЫҢ ТРАВМАТОЛОГИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Олардың жартысынан астамы- көше жарақатымен келетін балалар. Жарақаттары- әртүрлі. Көбісінің білек, шынтақ, тобық және жамбас сүйектері сынған.

Желіде жастардың тюбингті көлікке тіркеп, сырғанап жүрген видеолары тараған. Соның бірі Батыс Қазақстан облысында болды. 17 жастағы бойжеткен есін жимастан жан тапсырды.