Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Былтыр 32 мыңға жуық адам қан тапсырған

AstanaTV
26.01.2024ж. 20:00
355
Былтыр 32 мыңға жуық адам қан тапсырған

Адам өмірін сақтап қалу құны небәрі -923 теңге. Бұл-қан донорына төленетін ақы. Бірақ, ол адамның микроэлементтер мен калорияға деген қажеттілігін қалпына келтіру және анемияның алдын алуға жеткіліксіз. Сондықтан мамандар оны біршама көбейтуді сұрайды.

Жасқанат Қайыржанов жылына 3 рет қан тапсырады. Ол қан орталығына келіп, донор болу арқылы науқас жандарға шарапатын тигізеді. Сонымен қоса өзі де медициналық тексеруден өтеді. Алайда мемлекеттен берілетін төлемақы тым мардымсыз дейді.

Жасқанат ҚАЙЫРЖАНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

923 тг беріледі негізі. Ол біз үшін аз сияқты. Соны көтерсе жақсы болар еді. Қан тапсыратын адамдар төленетін ақшасын көтерсе көп жастарымыз келеді деп ойлаймын. Қазір инфлияция болып жатыр былай қарасаң таксиге де жетпейді ғой.

Қан тапсыру орталығына күніне 120-150 адам келеді. Сондай-ақ елімізде 100 мың науқасқа қан құйылады. Қан-аса қажет. Сондықтан дәрігерлер де донорларға төленетін ақыны көтеруді сұрайды. Өйткені қан тапсырған адам жоғалтқан энергия шығындарын толтыру қажет дейді.

Айгерім САҒЫМБАЕВ, ДОНОР КАДРЛАРЫН ЖИНАҚТАУ БӨЛІМШЕСІНІҢ БАСШЫСЫ:

Адам қан тапсырып болғаннан кейін міндетті түрде жақсы тамақтану қажет. Институт питания дейді олардың рекомендациясы бойынша 4700 кг калория тамақтану қажет адам.

Сенатор Ақмарал Әлназарованың айтуынша, елімізде жыл сайын 250 мыңға жуық адам қан тапсырады. Олар қолдауды қажет етеді. Алайда, бұл мәселе 10 жылдан бері шешімін таппай келеді.

Ақмарал ӘЛНАЗАРОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Ұсыныстарға сәйкес, доннор қан тапсырған күні анемияның алдын алу үшін тиісті рационда тамақтанып, жоғалтқан килокалория мен микроэлементтердің орнын толтыру керек. Қазіргі уақытта қан доноры қан берген кездегі күш-қуатты шығынның өтемақысы ретінде 0,25 АЕК алады. Бұл мәселе 10 жыл бойы көтерілді, бірақ ешқандай назар аударылмады. Осыған байланысты үкіметтен донорларға өтемақыны 0,25 тен 1,25 АЕК ке ұлғайтуды сұраймын.

Сала мамандарының айтуынша, әзірге орталықтарда қан тапшылығы сезілмейді. Бірі денсаулығын тексерту үшін, донор болса, енді бірі шынайы жанашырлық танытып келетін көрінеді. Былтыр 32 мыңға жуық адам қан тапсырған.