Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Қытайда 5,6 балдық жер сілкінісі болды

26.01.2024ж. 20:00
768
Қытайда 5,6 балдық жер сілкінісі болды

Түркияның Малатия қаласында жер сілкінді. Дүмпудің қуаты -5,2 балл. Жер сілкінісінің ошағы Баттал Гази ауданында, 13,9 шақырым тереңдікте анықталды. Салдарынан бірнеше ғимаратта жарық пайда болған. Жарақат алғандар мен қаза тапқандар жоқ. Десе де дүмпуден үрейленген қала тұрғындары көшелер мен алаңдарға қашып шығып, бірнеше сағат бойы далада жүрді. Жер сілкінісі көршілес қалаларға да сезілген. Қытайда да бірнеше рет жер дүмпуі болды. Ең жойқыны таңғы сағат 4-тер шамасында Уши уезінде сезілген. Қуаты 5,6 балл. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жайлы ақпарат жоқ. Жергілікті сейсмологтар афтершоктар әлі де тіркелетінін айтты. Зілзаладан зардап шеккен көпқабатты үйлердің тұрғындарына баспаналарына қайта орналасуға ерте екенін ескертті. Айта кетейік, алғашқы жер дүмпуі сезілгеннен бері аспан асты елінде 4200-ден астам жер сілкінісі дүмпуі тіркелген.