Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Астанада үш елдің ішкі істер министрлері кездесті

26.01.2024ж. 20:00
722
Астанада үш елдің ішкі істер министрлері кездесті

Астанада Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан мемлекетінің ішкі істер министрлері кездесті. Бұл -мұндай форматтағы алғашқы басқосу. Олар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылады. Кездесу соңында ынтымақтастықты арттыруға бағытталған Хаттамаға қол қойылды.

Ержан СӘДЕНОВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ:

Біздің ынтымақтастығымыз жедел қызметтің барлық бағыттары бойынша қарқынды түрде дамып келеді. Ауыр, аса ауыр қылмыстарды бірлесіп ашуда, қауіпті қылмыскерлерді ұстауда жетістіктер бар. Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсетіп, тәжірибе алмасамыз.