$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қызылорда облысындағы шалғайдағы малшылар аш қасқырлардың көптігіне шағымданды

AstanaTV
28.12.2016ж. 20:00
3351
Қызылорда облысындағы шалғайдағы малшылар аш қасқырлардың көптігіне шағымданды

Қызылорда облысындағы шалғай ауылдардағы малшылар аш қасқырлардың көп екенін айтып шағымданды. Олар бүгін «Нұр Отан» партиясы Жалағаш аудандық филиалының көшпелі қоғамдық қабылдауына келіп, арыз-шағымдарын жеткізді. Қоғамдық қабылдау мүшелері медициналық көмек, құқықтық, әлеуметтік тұрғыдан да кеңес берді.

Мәселен, Ерлан Жұқаловтың отбасы жүз бас ірі-қара малын өсіріп отыр. Жайылымдық жерінің де жеткілікті екенін айтады. Сүт, құрт, май, айран мен етті Жалағаш базарларына өткізеді екен. Оның өнімдеріне сұраныс жоғары. Дегенмен, аш қасқырлардың қыста шабуылы жиілейтіні алаңдататынын айтты.

Ерлан Жұқалов, малшы:

Шакал, шибөрі, қасқыр дегендер бар. Сол текке қинайтын бізді. Соңына түсіп бағамыз. Жан-жағымыз -күріштік, жоңышқалық. Жаздың күндері біреу жарыммен жүргенімен, қазір 10-15-теп ол адамға да шабуыл жасауы мүмкін қазіргі уақыттарда.

Қаншагүл Мұстафаева, «Нұр Отан» партиясы жалағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

Төрт отбасына бардық, қал-жағдайларын білдік. Барлығына қолайлы жағдай жасалған екен, көңіл толды. Олар да өздерінің сұрақтарын, проблемалақ мәселелерін ортаға салып жатыр. Жалпы бұл азаматтардың аудандық "Нұр Отан" партиясына барып, өздерінің өтініштерін, түсінбей жүрген мәселелерін айтуға мүмкіндігі жоқ. Сондықтан көшпелі қоғамдық қабылдаумен келіп жатырмыз.

Дәл осы мәселе Мәдениет ауылына қарасты үш шопан отбасын да мазалап отыр. Көшпелі қоғамдық қабылдаудың мүшелері қасқырлармен күрес мәселесін арнайы отырыста талқылайтындарын айтты. Шопандар үшін жағымды жаңалық - ол партияның облыстық филиалының басшылығы жолдаған алғыс хаттары.