$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Арманым - үлкен кітапхана": Құралай Анарбекова болашақ күйеуінен мәһрге не сұрайтынын айтты

AstanaTV
26.01.2024ж. 17:45
905
"Арманым - үлкен кітапхана": Құралай Анарбекова болашақ күйеуінен мәһрге не сұрайтынын айтты

Актриса Құралай Анарбекова болашақ күйеуінен мәһрге не сұрайтынын айтты. Болашақ жарынан 2 мың сирек кездесетін, коллекицялық кітап алғысы келетінін мәлім еткен өнер иесі желідегілерді таңғалдырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видео aqolek Instagram желісіндегі парақшада пайда болды.

"Көбісі көлік немесе үй сұрап жатады. Менің арманым - үлкен кітапхана. Мен оның шамамен қандай болатынын білемін. Маған мәһрге 2 мың кітап берсе екен деймін. Енді 2 мың кітап жай емес, сирек кездесетін, коллекциялық болса екен деймін. Ол кітапті бір күнде беруі мақсат емес. Ол кітаптарды бірге жинап, мәһрдегі 2 мың кітапты балаларымызға, немерелерімізге мұраға қалдырғым келеді. Психологиялық, тарихи және тағы басқа бағыттағы ерекше кітаптарды маған сыйласа деп армандаймын", - деді Құралай Анарбекова.

Желі қолданушылары актрисаның жауабына таңғалып, жарыса пікір қалдырды. "Не деген жауап", "Ниетіңізге жетіңіз", "Өте дұрыс шешім", "Ақылына көркі сай ару", - деп жазды желідегілер.