Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

«Бірлік» партиясының өкілдері бүгін «Бурабайға» табан тіреді

AstanaTV
01.03.2016ж. 20:00
1726
«Бірлік» партиясының өкілдері бүгін «Бурабайға» табан тіреді

Ал «Бірлік» партиясының өкілдері бүгін "Бурабайға" табан тіреді. Тұмса табиғаят аясында саябақ қызметкерлерімен кездесті. Партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды.  Жыл сайын Бурабайға 10 мыңнан астам турист келеді. Ол шетелдіктердің де таңдауына іліккен. Ал «Бірлік» партиясының бағдарламасында туризмді дамыту тетіктері қамтылған. Партия белсенділері Бурабайды әлемге танытытуды ойлайды. Туризм халықты жұмыспен қамтып, табыс әкелетін аса пайдалы сала. "Бірлік" өкілдері өлкенің  тұмса табиғатын қаз-қалпында сақтау үшін қоршаған ортаға жанашырлық танытуды тілге тиек етті. 

Мұрат Қожамқұлов, "БІРЛІК" партиясының Ақмола облыстық филиалының жетекшісі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер: 

Ата-бабаларымыз бізге қойын қоншы байлыққа тұнған таза Қазақстанды мирас еткен. Біз оның қызығын көріп, игілігмізге жаратуымыз керек. Бірақ біз де сол бабаларымыз сияқты келер ұрпаққа, табиғаты бүлінбеген,тұнығы лайланбаған таза Қазақстанды марапаттауға міндеттіміз. "Бірлік" партиясының  басты ұстанымдарының бірі осы".

М.Дюсекина