Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Алматы облысында дәнекерлеу цехындағы өрт шықты

AstanaTV
27.01.2024ж. 15:29
1278
Алматы облысында дәнекерлеу цехындағы өрт шықты

Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Талғар ауданы Белбұлақ ауылында дәнекерлеу цехының жанғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД күштері мен құралдары дереу жіберілді, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Қабылданған шаралардың арқасында лак-бояу өнімдері сақталған қойманың барлық алаңына және жақын орналасқан жеке тұрғын үйге оттың тарауына жол берілмеді.

Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД 39 қызметкері мен 13 техникасы, Алматы қаласы ТЖД 5 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды.