$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Атырау облысында жол апатынан 32 жастағы жүргізуші мерт болды

AstanaTV
27.01.2024ж. 18:21
1156
Атырау облысында жол апатынан 32 жастағы жүргізуші мерт болды

Атырау облысында жеңіл көлік жол жиегіне аударылып қалды. Жол апатынан 32 жастағы жүргізуші оқиға орнында қаза тапты.

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 26 қаңтарда сағат 19:00 шамасында болған.

«Республикалық маңызы бар Атырау-Орал тас жолының 154-шақырымы тұсында Lada Granta автокөлігі аударылды. Тексеру кезінде 1992 жылғы жүргізушісінің рульге ие бола алмағаны анықталды. Жүргізуші оқиға орнында қаза тапты.
Көлік жүргізушісінің 24 қаңтар күні жылдамдықты шамадан тыс асыру дерегі «Кибер-Шериф» құрылғысы арқылы анықталған. Жүргізушіге жылдамдықты 133 км/сағатқа дейін асырғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 592-бабының 2-бөлігімен хаттама толтырылған», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.