Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Қазақстан стенд атудан әлем кубогында алтын медаль алды

AstanaTV
28.01.2024ж. 17:25
2189
Қазақстан стенд атудан әлем кубогында алтын медаль алды

Стенд атудан Қазақстан құрамасының мүшесі Мария Дмитриенко Каирде (Мысыр) өтіп жатқан рейтингтік әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әйелдер арасындағы трап жаттығуының финалдық жарысында шымкенттік Мария Дмитриенко үздік нәтиже көрсетті.

Туризм және спорт министрлігінің ақпараты бойынша, спортшының осы жарыста өнер көрсетуі ISSF рейтингісінде жоғары көтерілуге мүмкіндік берген. Бұл – Париждегі жазғы Олимпиада ойындарына қатысу үшін олимпиада квотасын алудағы маңызды қадам.

Естеріңізге сала кетейік, 24 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Каирде әлемнің 65 елінен 700-ден астам спортшы қатысып жатқан спорттық атудан рейтингтік әлем кубогы басталды.