Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

«2030 жылға қарай жекеменшік көліктер болмайды»-фейк

AstanaTV
29.01.2024ж. 19:00
378
«2030 жылға қарай жекеменшік көліктер болмайды»-фейк

Әлеуметтік желілерде Клаус Швабтың 2030 жылға қарай автокөліктерге иелік ету жер-жерде тоқтатылады деп мәлімдеген сөзінен үзінді тарады. ДЭФ басшысының айтуынша, тасжолдар саябақтарға айналады. Бұл туралы Kyzylorda-news.kz. жазады. 

Алдымен жаңалық The People’s Voice порталында шықты. Бұл сайт фейк ақпараттар мен қастандық теорияларын жиі жариялайды.

ДЭФ басшысының жеке көліктерге қатысты сөзі Интернетте 10 жылдан астам уақыт бойы таралуда. 2014 жылы Клаус Шваб Дүниежүзілік Үкімет саммитінде сөз сөйледі. Ол жеке көлікке қатысты өз ойымен бөлісті. Оның пікірінше, адамдар жеке көлікке иелік етпей, автопилоттары бар электромобильдердің қызметтерін пайдаланады. Шваб 2030 жылға қарай халықтың меншікті көліктері болмайды немесе оларға заңмен тыйым салынады деп айтқан жоқ. ДЭФ басшысы оларға қажеттілік бомлайды деп пайымдады.

2016 жылы Дүниежүзілік экономикалық форумның сайтында жеке автокөліктердің дәуірі көп ұзамай өтеді деген мақала жарияланды. Үлкен қалаларда автопилоттар басқаратын электромобильдер парктері пайда болады. Сұраныс жоғары болуына орай мұндай көліктерді жалға алу арзан болады. Тұтынушы машинаға техникалық қызмет көрсету үшін қаржы жұмсамайды. Жекеменшік көліктен бас тарту тиімдірек болады.

Клаус Шваб бастаған ДЭФ өкілдері өз пікірін ешкімге міндеттемейді, олар болашақта жекеменшік көлікпен не болатынына қатысты ойларын жеткізді. 2030 жылға қарай адамдар өз көліктерімен жүру мүмкіндігінен айырылады деуге негіз жоқ.