$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Шалғай аудандардағы балалар сабаққа мектеп автобусымен барады

29.01.2024ж. 20:00
543
Шалғай аудандардағы балалар сабаққа мектеп автобусымен барады

Енді шалғай аудандарда тұратын балалар сабаққа мектеп автобусымен барады. Бұған дейін Өскемендік оқушылар білім ошағына бару үшін қараңғыда орман арасымен жүретін. Оқушыларға қаңғыбас иттер бірнеше рет шабуылдаған. Амалы таусылған ата-аналар көмек сұрамаған жері қалмаған. Күрделі мәселені "АMANAT" партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы шешуге көмектесті.

Аманбай НҰРКЕНОВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ШҚО ФИЛИАЛЫ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бүгін біз аялдаманы орнаттық. Оны осы жерге қою үшін айналасын тазарттық. Балалар аялдамаға қауіпсіз жетуі үшін жаяу жүргіншілер көпірі арқылы жарық түсірдік. Енді балаларға қауіп жоқ.