$441.89 €502.56 ₽5.19
×

Астанада бетон қалдықтарын заңсыз төгу фактісінің жолы кесілді

Астанада бетон қалдықтарын заңсыз төгу фактісінің жолы кесілді
Polisia.kz

34 мыңнан астам құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Астанада тазалық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ абаттандыру қағидаларының сақталуын бақылау бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында елордалық полицейлер қоғамдық пайдаланудағы аумақтардың ластануына жол бермеу және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар жүргізуде, деп хабарлайды  AstanaTV.

Жыл басынан бері қоғамдық орындарды ластағаны және абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін 34 мыңнан астам құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кезекті құқық бұзушылық фактісі елорданың шеткі аумақтарының бірінде анықталды. Howo автобетон араластырғыштың жүргізушісі бетон қоспасының қалдықтарын су қорғау аймағында жуып-шайған. Соның салдарынан қоғамдық пайдаланудағы аумақ ластанып, абаттандыру талаптары бұзылған. Аталған факті бойынша жүргізушіге заңнамада көзделген шаралар қабылданды. Ол Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Елордалық полиция азаматтарға қоғамдық пайдаланудағы аумақтардың, оның ішінде су қорғау аймақтарының құрылыс қалдықтарын жинауға, қоқыс төгуге немесе құрылыс техникасын жууға арналмағанын еске салады. Мұндай құқық бұзушылықтар қоршаған ортаға зиян келтіріп, қаланың санитариялық жағдайына кері әсер етеді. Осыған байланысты рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде жалғастырады.