Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Қызылжарда қалың қардың кесірінен көпқабатты үйдің шатыры опырылып түсті

29.01.2024ж. 20:00
497
Қызылжарда қалың қардың кесірінен көпқабатты үйдің шатыры опырылып түсті

Қызылжарда қалың қардың кесірінен көпқабатты үйдің шатыры опырылды. Өткен ғасырдың жетісінші жылдары салынған тұрғын үй мүлдем жөндеу көрмеген. Екі айдан бері толасыз жауған қарға ескі ағаш тіреуіштер шыдас бермей, шатыр ішке қарай құлап түсті. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Мұнда тұратын 90 пәтердің тұрғындары баспананы жөндеу мәселесін көтеріп жатыр.

Елена ИВАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Үйдің жалпы жағдайына мүлік иелері бірлестігінің жетекшісі мұқият қарау керек. Егер шатыр осал болып тұрса, дереу тұрғындарға хабарлап, бұл мәселені әу баста шешіп алу керек. Біз шатырдың тым нашар хәлде екенін білмей қалдық. Құдайға шүкір, дін аманбыз. Енді жұмыла шешеміз.

Қала әкімдігі тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы арқылы үйді жөндеуге болатынын айтады. Яғни, баспананың шатыры бюджет қаражатына жөнделмек. Ал кеткен шығынды тұрғындар әкімдікке несие ретінде қайтарып отырады.

Әсем АЙТУЛОВА, ҚАЛА ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Шатырдан қар шығарылмауына байланысты осындай жағдай болып отыр. Кешегі күннен бастап шатырды зерттеу жұмыстарын жүргізді мамандар. Егер бағдарламаға қатысуға келісім берсе, онда жуық арада жөндеу жұмыстары басталатын болады.