$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Келер жылы Өскеменде студенттерге жол жүру билеттері 50% жеңілдікпен сатылады

AstanaTV
29.12.2016ж. 20:00
2555
Келер жылы Өскеменде студенттерге жол жүру билеттері 50% жеңілдікпен сатылады

Келер жылдан бастап өскемендік студенттерге қоғамдық көліктерде жол жүру билеттері жарты бағасына сатылады.  Автобустар мен трамвайлардағы бұл жеңілдіктің алынып тасталғанына бір жылдан асқан еді. Содан бері орта және жоғары оқу орындарының студенттері түрлі жиындарда осы проблеманы жиі көтеріп келді.

Жергілікті жастар форумында жылды қорытындылаған қала басшысы қуанышты жаңалықты жария етті. Яғни 2017 жылдың қаңтарынан шаһардағы 4 жоғары оқу орны мен 19 кәсіби-техникалық колледж бен училищедегі күндізгі оқу бөлімінің шәкірттеріне жеңілдетілген жол жүру билеттері 4 мың теңгеден сатылады. Ал жолаушы тасымалдаушылардың шығынын қала бюджеті өз мойнына алып, бұл іске 48 миллион теңге бөліпті. Жастар спортпен шұғылдануға жеңілдік алмақ.

Ринад Ахметжанов, жастар ресурсы орталығының директоры:

Өскемендегі барлық спорттық нысандарын олар 50% жеңілдікпен пайдалана алады. 

Еркін КАРИН