$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Таразда автобус жүргізушісі адамды қағып, үстінен басып өткен

30.01.2024ж. 20:00
800
Таразда автобус жүргізушісі адамды қағып,  үстінен басып өткен

Таразда автобус жүргізушісі адамды қағып, үстінен жаншып өткен. 47 жастағы азамат сол жерде жан тапсырды. Куәгерлер түсірген бейнежазбаға қарағанда, қоғамдық көлік жүргізушісі өзге автобустан озбақшы болған. Сол сәтте жол шетінде тұрған тұрғынды қағып кеткен. Полиция департаменті көлік жүргізушісіне қатысты қылмыстық іс қозғады.

Гүлсара МҰХТАРҚҰЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Жолаушылар автобусының жаяу жүргіншіні қағып кету дерегі бойынша, сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Қазіргі таңда автобус жүргізушісіне қатысты бұлтарпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде. Сот сараптамалары тағайындалды.