Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

"Жұлдыз, байың бар екені енді есіңе түсті-ау, сен Қайратсыз "никтосың": Жұлдыз Әбдікәрімова мен Қайрат Нұртас тағы да желіні шулатты

AstanaTV
30.01.2024ж. 22:00
13790
"Жұлдыз, байың бар екені енді есіңе түсті-ау, сен Қайратсыз "никтосың": Жұлдыз Әбдікәрімова мен Қайрат Нұртас тағы да желіні шулатты

Танымал актриса, Айдарбековтардың әулетінің үлкен келіні Жұлдыз Әбдікәрімова тағы да елдің қызу талқысына түсті.

Бұл жолы өнер иесі Қайрат Нұртаспен бірге туған күн кешіне барған, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.

80 жылдардың стилінде өткен туған күн кешінде өнер иелерінің екеуі де бірге жүрген. Көптен бері қос жұпты бірге көрмеген көпшілік, оларды қайта қосылды деп болжаған. Сонымен бірге олар Жұлдыз Әбдікәрімоваға оның Қайрат Нұртассыз ешкім емес екенін еске салған. Олар желіде түрлі сыни пікірлерін жаудырып жатыр.

"Сөйтсе Қайрат Жұлдызды көруге бола келген ба, екеуін бірге көргенде қуанатын мен ғана ма?", "Кайрат неге сенің анаң Жұлдызды өз сторисіне салмайды? Тек екі келінін сала береді белгілеп. Балдарыңның көңіліне тимей ма? Анамызды шеттеті деп", "Қайрат молодец Жұлдызды әрдайым тастамашы бірге алып жүр қайда барсанда, төрт баланын анасы ғой, сенің ұрпақтарын, саған туып берді", "Жұлдыз, байың бар екені енді есіңе түсті-ау, сен Қайратсыз "никтосың" деп жазды олар.