Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Педофилдер өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

AstanaTV
31.01.2024ж. 12:16
460
Педофилдер өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Бүгін Мәжілістің жалпы отырсында депутаттар әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері туралы заң жобасы мен оған ілеспе түзетулерді жұмысқа алуды жақтап, дауыс берді.

Нақтырақ айтсақ, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" негізгі заң жобасы және "Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерестер мен толықтырулар енгізу туралы" ілеспе заң жобасы жұмысқа алынды. Бұл заң жобалары Мәжіліс депутаттарының бастамасымен әзірленген. Заң жобасына қандай нормалар енгізу көзделіп отырғанын Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов айтып берді.

"Жоба Мемлекет басшысының отбасылық-зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдату тапсырмасына толығымен сәйкес келеді", - деді Аймағамбетов.

Оның сөзінше, заң жобасына мына негізгі нормаларды енгізу ұсынылып отыр: Біріншіден, ұрып-соғуды және денсаулыққа жеңіл зиян келтіруді, қазіргі әкімшішік жауапкершіліктен қылмыстық жауапкершілікке жатқызу және де жазасын әлдеқайда қатаңдату; Екіншіден, жәбірленушінің өтінішін күтпей-ақ, зорлық-зомбылық туралы БАҚ немесе онлайн платформалардағы ақпарат негізінде тісті шараларды қабылдау құқығын беру.

Бұған қоса: отбасында зорлық-зомбылық жасаған адамдардың агрессивті мінез-құлықын өзгерту үшін, сотқа психологиялық көмек көрсетуді міндеттеу уәкілеттілігін беру; педофилдерді өмір бойы бас бостандығынан айыру; суицидты насихаттау үшін немесе суицидке итермелеу үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу; балаларға арналған интернаттық ұйымдарға алдын-ала ескертпей ақ, кез келген уақытта оларды тексеру және тағы басқа маңызды нормалар ұсынылды.