Президент Жолдауында белгіленген міндеттерді жүзеге асыру аясында «Әділет» партиясы 3 мыңнан астам іс-шара өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Айбек Дәдебайдың төрағалығымен өткен партия активінің кеңейтілген отырысында айтылды. Жиында азаматтардың құқықтарын қорғау, кәсіпкерлікті қолдау және әлеуметтік-инфрақұрылымдық нысандардың құрылысын бақылау мәселелері талқыланды. Сондай-ақ инфрақұрылымды цифрландыру, ауылдар мен моноқалаларды дамыту, көлік жүйесі мен энергетиканы жаңғырту бағытындағы заңнамалық бастамалар қарастырылды.
АЙБЕК ДӘДЕБАЙ, ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, "ӘДІЛЕТ" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Ең бастысы, құрылыс жұмыстары халықтың нақты қажеттілігіне сәйкес жүргізілуге тиіс. Сондықтан тұрғындардың ұсыныстарын жинап, жобаларды жоспарлау және іске асыру барысында оларды ескеруіміз керек. Сонымен қатар, партия жанынан партиялық бақылау комитеті құрылып, оның өңірлік және аумақтық комиссиялары жұмысын бастады. Комитет бақылау тетіктерін нақты нысындар деңгейінде де күшейтуі тиіс. Құрылыс нысандарында партиялық бақылау бекеттерін ашып, оладың жұмысын жүйелі жолға қоюмыз керек. Бірақ кедергі жасамау керек құрылысқа.