Қарағандыда «Amanat» партиясының «Жастар рухы» Жастар қанатының белсенділері жануарлар орталығына барды. Еріктілер ит, мысықтарға керек жарағын апарып қана қоймай оларды қарауға көмектеседі. «Іізгілік аптасы» аясында ұйымдастырылған қамқорлық акциясы «Кошкин дом» паналау орнында өтті. Мұнда 250- ге тарта ит, 50 шақты мысық бар. Көшеде қараусыз қалған жануарларға мұнда күтім жасалады, төрт аяқтылардың барлығы егіліп, стерилденген. Дегенмен осынша көп мақұлыққа небәрі 2-3 адам ғана қарайды. Аманаттық жастар оларға 50 келі тамақ әкеліп берді. Сондай- ақ иттерді тамақтандырып, үйшіктерін тазалап көмекке мұқтаж жануарларды серуендетіп қайтты.
Жансұлу МҰҚАМЕДЖАНОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ МҮШЕСІ:
«Көптеген иттер қаңғып қалған. Оларға көмек керек. Осындай приюттардың арқасында иттер өздерінің үйлерін тапты. Жаңа ғана көріп жатырмыз көбісі иттердің бір аяғы жоқ немесе бір жері кем, өте аянышты біз көрген кезде. Сондықтан жанашыр адамдар көп болса екен дейді».
Чинара МАУТХАНОВА, «КОШКИН ДОМ» ИТТЕР МЕН МЫСЫҚТАРҒА АРНАЛҒАН ПАНАЛАУ ОРНЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ, ЕРІКТІ:
Бізге бүкіл Қазақстан болып көмектеседі. Ресей, Германиядан да көмек келеді. Жануарларды өз күшімізбен асыраймыз, дегенмен еріктілер иттерге қарасып, қоректендіруге көмектескенде қуанып қаламыз. Мектеп оқушылары да келіп иттерді серуендетіп, еркелетіп жатады.