Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Қазақстанда несиеге көлік алатындар көбейді

31.01.2024ж. 20:00
587
Қазақстанда несиеге көлік алатындар көбейді

Қазақстанда несиеге көлік алатындар көбейген. 1 жылда 200 мыңға жуық адам жаңа көлік сатып алған. Сұраныстың артқанына, тұрғындардың темір тұлпар тізгіндегеніне қуанамыз, әрине. Бірақ көлікті қарызға алған қаншалықты дұрыс? Мамандар не дейді? Әріптесім біліп көрді.

Көлік алам деп қазақстандықтар 1 жарым триллион теңге қарыз алған. 1 жылдың ішінде 200 мыңнан астам несие рәсімделген. Бұл -бұрын соңды болмаған көрсеткіш.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Көлігіңіз кредитке алынған ба? - Иә, бар кішкене. 7 миллионға алдым.
- 5 жылға алдым, айына 165 төлеймін. 7 миллион ғой.

Көбі су жаңа көлікті жаңа жылдың алдында алған. Яғни, қомақты автонесие желтоқсан айында рәсімделіпті. Сұраныс артқандықтан, елдегі автокөлік өндірісі де рекордтық көрсеткішке жетті. Көшті он шақты жыл бұрын нарығымызға енген Hyundai мен Chevrolet бастайды, содан соң Kia тұр. Chery, джак, Toyota бестікті түйіндейді.

Тілек БЕКБАСАРОВ, ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗ АВТОБИЗНЕС ОДАҒЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:

Қазақстанда көлік өндірісінде көшбасшы орынды Қостанай Allur зауыты алады. Компания өткен жылы 90 230 дана көлік өндірген. Бір жыл бұрынғыдан 29 пайызға көп. Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan өндірісін 48 857 автокөлікке дейін ұлғайтыпты, мұнда да өсім 31 пайыздан асып кетеді.

1 айда отандық автосалондар 23 мың көлікті несиеге сатқан. Бағасы 7 жарым миллионнан аспайтын жеңіл көліктердің саудасы қызып тұр. Көрсеткіштің бірден бұлай артуын мамандар көлік бағасының төмендігінен деп отыр. Алдағы уақытта қымбаттап кете ме деп қорыққан жұрт қарызға болса да темір тұлпар тізгіндеуді дұрыс санайтын көрінеді. Ал сарапшылар мұны қаншалықты дұрыс деп санайды?

Сапарбай ЖОБАЕВ, ЭКОНОМИСТ:

Егерде өзіңнің мүмкіндігің болса, жалақың жақсы болса, я болмаса табыс түсетін жерлерің болса, я болмаса сол көлікпен қызмет қылатын болсаң, содан түсетін пайда тиянақты болады ма солардың бәрін есептеу керек. Көбінесе несиесін қайтара алмай жатқан адамдар көп кездеседі.

Несиеге алған көлікті қарызды төлеп бітпей жатып сата алмауыңыз мүмкін. Кредитпен қоса, көлікті де басқа адамның атына аударуды банк шешеді. Десе де, жоғары пайыздық мөлшерлеме мен тиімсіз шартқа қарамастан қазірдің өзінде банк қызметкерлеріне күніне 250-300 өтінім түсетін көрінеді.