$457.09 €508.42 ₽5.67

Түркістанда мектеп аумағындағы трансформатор өртенді

29.10.2026ж. 06:51
Түркістанда  мектеп аумағындағы трансформатор өртенді
Фото: ТЖМ

Түркістан қаласында трансформатор өртенді, деп хабарлайды Astana TV. 

Нахипов көшесінде орналасқан жекеменшік мектептің аумағында өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. ТЖМ бөлімшелері мен тиісті қызметтер оқиға орнына жедел түрде шықты.

Оқиға орнына жеткен бойда мектеп аумағында жеке тұрған трансформатордың жанып жатқаны анықталды. ТЖМ күштері дереу өртті сөндіруге кірісті. Өртті сөндіруге әуе-механикалық көбік және жақын орналасқан нысандарды қорғау мен салқындату үшін су оқпандары берілді.

Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.