Спорт Қазақстан
$443.72 €482.28 ₽4.9
×

Шымкентте 27 миллион теңге берешегі бар азаматтың автокөлігі айып тұрағына қойылды

AstanaTV
01.02.2024ж. 14:21
850
Шымкентте 27 миллион теңге берешегі бар азаматтың автокөлігі айып тұрағына қойылды

Шымкенттік полицейлер 27 миллион теңге берешегін төлеуден қашып жүрген азаматтың автокөлігін айып тұрағына қойды. Бұл туралы Қазақстан Телеарнасы хабарлайды. 

Борышкер қымбат бағалы Lexus маркалы көлігін мініп, қала көшелерінде ойқастап жүрген жерінде тоқтатылды.

Патрульдік полиция инспекторына мұндай ақпарат жедел басқару орталығы арқылы берілді.

Бұл жәйтті оларға «Қорғау» жүйесі анықтап берген.

Борышкер енді автокөлігін қарызынан толық құтылғаннан соң ғана ала алады.