Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

«Хлопушка» пайдаланған: Маңғыстауда кәмелетке толмаған ұлының қылығы үшін әкесі жауап берді

AstanaTV
01.02.2024ж. 14:49
625
«Хлопушка» пайдаланған: Маңғыстауда кәмелетке толмаған ұлының қылығы үшін әкесі жауап берді

Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен кәмелетке толмаған ұлының қылығы үшін әкесіне ескерту түріндегі жаза қолданылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.

Бейнеу ауданының тұрғыны Е-нің кәмелетке толмаған ұлы С. көшенің бойында пиротехникалық бұйым «Хлопушканы» пайдаланған.

Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, сот отырысында Е. кінәсін мойындап, жәбірленушіден кешірім сұрайтынын, алдағы уақытта ұлының пиротехникалық жарылғыш бұйымдарды қолданбайтынын көрсеткен. Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларға Е-нің кінәсін мойындап, әрекетіне шын өкінуі жатқызылса, жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 436-бабының 3-бөлігінің санкциясында пиротехникалық бұйымдар тәркiленіп, ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға ескерту жасауға немесе жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салу көзделген. Сотпен кәмелетке толмаған ұлдың әкесі кінәлі деп танылып, оған ескерту түріндегі жаза қолданылды.