Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Қостанай облысындағы мүмкіндігі шектеулі жандар қоларбаға зәру

01.02.2024ж. 20:00
441
Қостанай облысындағы мүмкіндігі шектеулі жандар қоларбаға зәру

Ал Қостанай облысындағы мүмкіндігі шектеулі жандар қоларбаға зәру. Ал бірінші топтағы мүгедектерге берілетін арбаның сапасы нашар. Жеті жылға шыдамайды. Қамкөңіл жандардың түйткілін шешуге "АМАNАТ" партиясы атсалысуда.

Юлия Прокопьева оңалту орталығында жұмыс істейді. Қызметкер күнделікті қолданыстағы қоларбаның сапасы сын көтермейтінін айтады. Орталыққа келетін өзге де жандар арбаның азабын тартып жүрген көрінеді.

Юлия ПРОКОПЬЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Күн сайын алтыншы қабаттан түсемін.Қоларба маған өте қажет.Менде екеуі бар.Біреуімен жұмысқа, далаға серуендеуге шығам.Екіншісін үйде қолданамын.

Екінші топтағы мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін арба берілмейді.Тек қоғамдық қабылдауға жүгіну арқылы қоларбаға қол жеткіздім,дейді Валентина Хасенова.

Валентина ХАСЕНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Тек балдақ берді.Екінші аяғым ауырады.Баса алмаймын. Жақсы болды. Ешкімге жалынбаймын.Өзім барып,өзім жүремін. Міне емханаға келдім.

Тобыл өңірінде 27 мыңнан астам адамның мүгедектігі бар.Оның 1800-і арбаға таңылған.Оларға бөлмеге арналған арба 7 жылға, серуендеуге арналғаны 4 жылға беріледі.

Аруна ЖАҚСЫҒҰЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ:

Жеті жылға беріледі.Ол жеті жылға шыдамайды.Сапасы да төмен болады.Арбада жүрген адам ғана түсінеді.Бір жері сынып қалса жұмыс түгілі үйде де тамағыңды алып іше алмай қаласың.

"АМАNАТ" партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында құны қымбат 5 қоларба берілген. Ал аймақтағы мүмкіндігі шектеулі жандарды техникалық құралмен және оңалту қызметімен қамтамасыз етуге былтыр қазынадан 9,5 миллиард теңге бөлінді.