Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

"Футболға бөлінетін қаржының 80 пайызы легионерлерге кетеді", - депутат

01.02.2024ж. 20:00
402
"Футболға бөлінетін қаржының 80 пайызы легионерлерге кетеді", - депутат

Футболға бөлінетін қаржының 80 пайызы легионерлерге жұмсалады. Шетелдік ойыншыларға берілетін ақы әзір азаймайтын секілді. Себебі келімсектерге қойылатын шектеу алынып тасталды. Ал оны қайта қысқартуға Туризм және спорт министрлігінің шамасы жетпей отыр. Мәселені бүгін Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитет отырысында депутат Қазыбек Иса көтерді. Ол бюджет қаржысы легионерлерді байытуға жұмсалып жатыр деп ашынды.

Қазыбек ИСА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Қоржынымызға медаль салатын бокс, күрес және ауыр атлетиканың үшеуі қосылып жұмсаған ақшадан футболға кеткен ақша үш есе көп. Оның 80 пайызы легионерлерге кетеді. 30 жылда салғанымыз жалғыз стадион. Ал футболға бөлінетін бюджеті бізден 2 есе аз Өзбекстан 10 стадион салған және еуропалық стандарттарға сай.