Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Елімізде 7 миллион адамның баспанасы жоқ

02.02.2024ж. 20:00
299
Елімізде 7 миллион адамның баспанасы жоқ

Елімізде 35 жасқа дейінгі азаматтардың тек 30 пайызында баспана бар. Қалғандары пәтер жалдап немесе ағайын-туыстарын жағалап жүр. Жалпы 7 миллион адамның үйі жоқ. Баспаналы болу үшін не істеу керек, мамандар қандай кеңес береді? Тілшіміз сұрап білді.

Үш баланы жалғыз тәрбиелеп отырған Ермек Нұрғожин алты жылдан бері баспана кезегінде тұр. Үйлі болам деген үміті сөнуге жақын. Кезегі қашан келері белгісіз. Әзірге жалдамалы пәтерде күнелтуде.

Ермек НҰРҒОЖИН, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Көп жағдайда үй иелері балалармен жалдап тұруға рұқсат бермейді. Ай сайын тапқанымды квартира мен кредитке төлеймін. Өз үйіміз болса деп армандаймыз.

Ермек секілді елімізде баспасын күткендердің саны 645 мыңнан асады. Жеңілдетілген несиемен үй алатындардың да қатар көп емес. Түрлі мемлекеттік бағдарлама бар. Бірақ орын саны шектеулі. Оның үстіне алғашқы жарна халықтың 70 пайызында жоқ екен.

Ерболат МЫҢҒЫШПАН, ИПОТЕКА САРАПШЫСЫ:

ОП-ның қандай құдіретті күшті екендігін білетіндер олар әрине шыдамдылық танытып 3 жылдап 4 жылдап ақша жинап. Бірақ әйтеуір армандаған үйіне деп жинап жатқан бар. Олар әрине төмен пайызбен 5 пайызбен несие алады. Бірақ ондай жинауға көбісінің тәртібі жетпей жатады.

Расымен бұл жеңілдікке іліге алмайтындар көп. Бірінің алғашқы жарнасы, енді бірінің айлық табысы аз. Сарапшылар жылжымайтын мүлікті алатындарда жалғыз таңдау болатынын айтады. Пәтер құнының 50 пайызын тапса, банктер табысқа қарамай несие рәсімдейді. Сондықтан халықтың 60 пайызы ипотекаға жүгінгенді.

Мархабат СЫНАСАПОВА, «ОТБАСЫ БАНК» АҚ ОРТАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ МАМАНЫ:

Егер де салымшы өзінің депозитіне кемінде 3 жыл өзіне қажетті 50 пайызын ай сайын үзбей толықтырып жинайтын болса және де сол аралықта бағалау көрсеткіші 16 деген межеге жеткен жағдайда олай болса банк қалған 50 пайызын 5 пайыздық мөлшерлемемен несиеге ұсынады.

Баспана бағасы да бірқалыпты емес. Соңғы 4 жылда айтарлықтай өсті. Мәселен, Астана қаласында 2020 жылы 1 шаршы метр - 351 мың теңге болса, 2021 жылы 515 мың, 2020 жылы - 537 мың, өткен жылы 580 мың теңгеге бағаланды.

Жалақыға пәтер жалдап жүргендердің басты армандарының орындалуы үшін біраз бейнеттенулеріне тура келеді.

БАСПАНА БАҒАСЫ

2020 - 351 000 ТГ

2021 - 515 062 ТГ

2022 - 537 193 ТГ

2023 - 579 000 ТГ