Спорт Қазақстан
$440.92 €475.36 ₽4.82
×

Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палата төрағасы Наталья Годунованы қабылдады

02.02.2024ж. 20:00
358
Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палата төрағасы Наталья Годунованы қабылдады

Былтыр 19,5 триллион теңгеге жуық бюджет қаржысы бойынша 208 нысанға 20 аудиторлық тексеріс жүргізілген. Бұл туралы Мемлекет басшысының қабылдауында болған жоғары аудиторлық палата төрағасы Наталья Годунова айтты. Сондай-ақ, Президентке өткен жылдың 4-тоқсанында аяқталған жекелеген аудиторлық тексеру жұмыстарының қорытындысы жөнінде мәлімет берілді. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет ресурсының жұмсалу тиімділігін одан әрі арттыруға, сондай-ақ Жоғары аудиторлық палатаның жаңа өкілеттіктерін іске асыруға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.