Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Екібастұзда тежегіші істемейтін көлікпен жүк тасыған жүргізуші көз жұмды

02.02.2024ж. 20:00
420
Екібастұзда тежегіші істемейтін көлікпен жүк тасыған жүргізуші көз жұмды

Екібастұз көмір кенішінде тежегіші істемейтін көлікпен жүк тасығын жүргізуші мерт болды. Төменге түсіп келе жатқан касемсот тоқтай алмай аударылып кеткен. Салдарынан 59 жастағы жүргізуші сол жерде тіл тартпастан көз жұмды. Алайда, оқиғаның өткеніне 1 жылға жақындаса да, кісі өліміне қатысты қылмыстық іс сотқа жетпеген. Қапыда әкесінен айырылған ұлдары істің әділ тексерілуін сұрайды. Мәселенің мән-жайын тілшіміз Өзгеріс Қуанар білді.

Сегодня второй февралья. От прибором не исправность. Будет тормозить прицепт или не будет тормозить.

Бұл -апат алдындағы бейнежазба. Марқұм Салтанат Сейітқұлов касемсоттың тежегіші істемейтінін айтып, бейнежазба қалдырған. Алайда, арада бірнеше күн өткен соң, көліктің тежегіші ұстамай қалыпты. Салдарынан ауыр техника аударылып кетіп, жүргізуші сол жерде сөз жұмған. Баласының айтуынша, кәсіпорын басшылығы бұны біле тұра жұмысқа шығу мәжбүрлеген. Ал болар іс болған соң, олар техниканың тежегіші істемейтінін жасырғысы келіпті.

Дархан ЖАҚЫБАЕВ, С. СЕЙІТҚҰЛОВТЫҢ ҰЛЫ:

Оқиға болған күні Серік деген жігітті напарниргі жұмысқа шақырып алады да бұлар сіз тормоз жоқ деп айтпаңыз. Сондай аудиозапись бар. Сіз тормоз жоқ деп айтпаңыз. Сіз тормоз бар деп айтыңыз. Сіз қайтесіз мына механикті бала -шағасы бар. Ертең тормоз жоқ деп айтсаңыз механикті соттайды деп мәжбүрлейді деп.

Жазатайым оқиғаға қатысты полиция қылмыстық іс қозғаған. Ал өңірдің еңбек басқармасы тексеру жүргізген. Нәтижесін полиция қызметіне тапсырыпты.

Абылай САБЫРОВ, ОБЛЫСТЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЕҢБЕК ИНСПЕКТОРЫ:

Былтырғы жылы «Богатыр-көмір» мекемесінде жазатайым оқиға болды өліммен аяқталған. Тергеу жүргізілді. Тергеу қорытындысы бойынша 100 пайыз жұмыс берушінің кінәсі тағайындалды.

Қылмыстық істің тоқтатылуына байланысты Екібастұз қалалық полиция басқармасы да пікір білдірді.

Айнұр МҰХАМЕДЖАН, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Аталған факті бойынша Екібастұз қаласының ПБ сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Тергеу аясында бірқатар сараптамалар жүргізілді. Сараптама нәтижелеріне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру тоқтатылып, прокуратураға жіберілді.

Ал көлік жүргізушісінің өліміне «Богатыр-көмір» кеніші марқұм Салтанат Сейтқұловтың өзін кінәлайды. Айтуларынша, қызметкер жұмысқа кіріспестен бұрын техниканың тежегішін тексерген. Яғни, көліктің тоқтайтына көз жеткізіп, жол парағына қол қойған - деп отыр.

Н. КОРСАКОВ, «БОГАТЫР-КӨМІР» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:

Павлодар облысы еңбек басқармасы мемлекеттік мекемесінің 03.07.2023 жылғы 90 бұйрығының негізінде коммиссия Павлодар облысы бойынша мемлекеттік инспекторының төрағалығымен арнайы тексеру жүргізді. Арнайы тексеру барысында комиссия нақты себептерді және кінәлілерді анықтай алмады. Бірақ, жұмыс берушінің қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етпеуіне байланысты жұмыс берушінің 100 пайыз кінәсін анықтады. Қаза тапқан қызметкер Салтанат Жақыбайұлы Сейітқұловтың жақын туыстарына қолдау көрсету және көмек көрсету мақсатында 8 млн. 921 мың 801 теңге төлемдер жүргізді.

ӨЗГЕРІС ҚУАНАР, ТІЛШІ:

Ал сақтандару компаниясы қаза тапқан қызметкердің 10 жылдық еңбекақысын төлеуден бас тартқан. Бұған балаларының ер жеткені мен оның асырауында болмағанын алға тартыпты. Қазір кәсіпорын сақтандыру компаниясын сотқа берген. Әзірге соттың қандай шешім шығаратын белгісіз.