Мешін
жылында ерлік істерімен елдің есінде қалған жандар бар. Бірі медицина, білім
саласындағы толағай жетістіктерімен көзге түсті. Енді бірі тілсіз жаумен
арпалысып, жастық өмірмен ерте қош айтысуға бел буғандарды райынан қайтаруға
күш салғандар. Аталған азаматтар қандай құрметке болса да лайық. Ерлік
істерімен көптің көңілінен шыққан жандармен тілшіміз Айгүл Ермахан жүздесті.
Кардиологиялық
центрде осыдан 4 жыл бұрын жүрек қан тамырларынан болатын өлім-жітім көп еді.
12 пайыздық көрсеткіштен қазір оның саны 6 пайызға төмендеді. Мұндай көрсеткіш
кардиохирургтардың емдік тәсілдерінің арқасында мүмкін болды.
Біздің кейіпкер
Алмат Қодасбаев - сондай маманның бірі. Мешін жылы күрделі отаны өткерді. Екі
аяғы мен бір қолы жоқ азаматтың
жүрегіндегі қан тамырларын ауыстырды. Әдетте қантамыр аяқ қолынан алынып жүрекке
жалғанады. Бұндай жағдайда бір ғана қолдан қантамыр алу науқас өміріне қиындық
тудыратын еді. Ал, білікті кардиохирург кеуде қуысынан қантамыр алып, адам
өміріне араша болды.
Алмат
Қодасбаев, кардиологиялық орталық директоры, кардиохирург:
Жаңа
заманауи көшудің бір түрі биотехнологияға көшіп отырмыз. Қақпақшаларды ауыстыру кезінде биологиялық құрылысы сақталған клапандармен алмастыру. Сол биологиялық
сақталған протездерді қолдануды біз
келесі жылы одан әрі дамытайын деп отырмыз. Ол халықтың тез қалпына келуіне
операциядан кейін дәріге тәуелді
болмауына үлесін қосады.
Өскемендік
оқушылар үшін де биылғы жыл олжалы болды. Халықаралық байқауларда медальдарды
қарша боратты. Әсіресе, физика-математика лицейінің 10 сынып оқушысы Ксения
Давыдованың жобасы әлем сарапшыларын таңқалдырды. Ол судың астында дауыстың естілуін қамтамасыз
ететін бағдарлама жасаған.
Ксения
Давыдова, №25 физика-математика лицейінің 10 сынып оқушысы:
Қазіргі уақытта су астында дауысты есту үшін «электрдыбыс» қолданылады. Бірақ үлкен
ара қашықтықта дауыс басқаша естіледі. Ондай жағдайда біз тура хабарлама ала алмаймыз. Сондықтан біздің
жобамыздың болашағы бар.
30
жастағы Азамат Сағынов есімді мына жігіт - автобус жүргізушісі. Ештеңеден
қорықпайтын қайсар жігіт. Ол 6 қазан күні Достық даңғылы бойымен Бутакавкаға
бет алған №29 автобуста тілсіз жаумен арпалысқан. Өрт тұтанғанда жүргізуші
көлікті тоқтатып, ішіндегі 10 оқушыны дереу сыртқа шығарған. Өрт сөндіру
қызметі келгенше қызыл жалынды ауыздықтап та үлгерген. Оның адамгершілік қасиеті
елеусіз қалмады.
Водитель
не растерялся, не убежал. Первым делом бросился спасать детей, которые
находились в автобусе. Скажи честно, испугался? - Нет! - Молодец!
Айгүл
Ермахан, тілші:
Алматыда
тағы бір батыр қыз бар. Есімі - Дамира Бекмұхамедова. Көпірден секіргісі келген
бейтаныс жігіттің өміріне араша болды. Өмірден баз кешкен жігітке жақындап,
жанын ұғуға тырысады. Райынан қайтара алмайтынын ұққан соң, киімінен ұстап,
кері тартқан. Бәлкім, аман қалған жігіт өмірде қиындықтар уақытша болатынын енді
ұққан болар.
Бұл адам жанына араша болған қатардағы адамдардың бір парасы ғана.
Шын мәнінде, күнделікті өмірде ерлік көрсетіп жүрген батырлар көп. Біз тек
бірнешеуін ғана көрсете алдық. Жылдар өтіп, заман өзгерсе де, адамдық
қасиеттерімізден айырылмайық.
Айгүл
ЕРМАХАН