Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Сирия бойынша келіссөздер Астанада 23 қаңтарда өтуі мүмкін

AstanaTV
04.01.2017ж. 20:00
2640
Сирия бойынша келіссөздер Астанада 23 қаңтарда өтуі мүмкін

Сирия бойынша келіссөздер Астанада 23 қаңтарда өтуі мүмкін. Бұл туралы, Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглуға сілтеме жасап, Блумберг хабарлады. 9 қаңтар күні осы мәселені талқылау үшін Ресей өкілдері Түркияға келеді деп жоспарланған. Осының алдында ғана Anadolu агенттігі, егер ресми Дамаск бітімгершілікті қолдамаса, келіссөздер бұзылуы мүмкін, деп жазған. Чавушоглудың айтуынша, Астана кездесуінде атысты тоқтату режимін бұзғысы келетіндерге қарсы шаралар талқылануы мүмкін. Оның үстіне Анкара қатысушылар арасында сириялық күрдтердің болмауын қалап отыр. Астана кездесуі Женева келіссөздерін толықтырады деген жоспар бар.