$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Шамиль Ожаев Қазақстан чемпионатынан аластатылды

AstanaTV
04.02.2024ж. 07:15
1033
Шамиль Ожаев Қазақстан чемпионатынан аластатылды

Грек-рим күресінен 2020 жылғы Ресей чемпионы Шамиль Ожаев Астанадағы Қазақстан чемпионатынан аластатылды, деп хабарлайды Bassport.kz.

Бұл туралы Қазақстанның грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы біздің тілшімізге мәлімдеді. Әзірге палуан не себепті шеттетілгені белгісіз. Айта кетейік, Ожаев олимпиадалық салмақ саналатын 87 келіде белдесуі керек-тін.

Еске салайық, күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты 1-ақпанда басталды. Кеше бес салмақта ел чемпиондары анықталды.