$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қарағандыда тағы бір жедел жәрдем жүргізушісін жол бермедің деп айыптады

AstanaTV
04.02.2024ж. 13:10
3994
Қарағандыда тағы бір жедел жәрдем жүргізушісін жол бермедің деп айыптады

Қарағандыда жедел жәрдем қызметі шақыртумен көпқабатты тұрғын үйге барған. Дәрігерлер науқасқа кіріп кетеді. Жағдайы ауыр, ауруханаға жеткізу қажет болған. Қызметтік көлікті жүргізуші подьездің алдына қойған. Артынан келген көлік жол беруін сұраған. Сол кезде жедел жәрдем жүргізушісі жағдайы ауыр науқасты күтіп тұрғанын баяндаған. Оған түсіністік танытпаған жол сұраушы полиция қызметкерлерін шақырған. Жолды бөгегені үшін жедел жәрдем жүргізушіне айыппұл саламақшы болған. Оқиғаны баяндап, жедел жәрдем жүргізушісі әлеуметтік желіге видео жүктеді. 

Расымен жағдайы ауыр науқасты алып шығып, көлікке мінгізіп жатқанын видеодан көруге болады.