Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Түркияда тікұшақ құлап, екі ұшқыш қаза тапты

AstanaTV
04.02.2024ж. 15:40
992
Түркияда тікұшақ құлап, екі ұшқыш қаза тапты

Түркияның Газиантеп аймағында тікұшақ апатқа ұшырады. Оқиға салдарынан екі ұшқыш қаза тапты, деп хабарлайды Түркия ішкі істер министрлігі басшысына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Түркия ішкі істер министрі Али Ерликаяның айтуынша, оқиға сенбі, 3 ақпан күні кешкі уақытта болған.

"Хатайдан Газиантепке ұшып бара жатқан полиция бас басқармасының Авиация департаментінің тікұшағы Газиантеп облысының Картал ауылына жақын жерде апатқа ұшырады. Тікұшақпен соңғы байланыс сенбі күні сағат 22:49-да (Астана уақытымен 19:49 - ред.) болған. Оқиғадан екі ұшқыш қаза тауып, бір техник жараланды", - делінген жазбасында.

Алайда Түркия Ішкі істер министрлігінің басшысы тікұшақ апатының себебін атамады.