$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ер адамның мәйіті өз үйінен табылды

AstanaTV
05.02.2024ж. 15:32
581
Ер адамның мәйіті өз үйінен табылды

БҚО  Бәйтерек ауданы Достық ауылында өз үйінде бетіне көптеген жарақат келтірілген ер адамның мәйіті табылды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қолданылған шаралар барысында аталған қылмысқа қатысы бар 1990ж.т.жігіт анықталып, ұсталды.

Тергеудің болжамды мәліметтері бойынша, оқиға алкогольдік ішімдіктерді ішу кезінде орын алған және ер адамдар арасында жанжал туындаған. Бұл қылмысқа күдікті өз кінәсін мойындады.

Ұсталған азамат ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес Бәйтерек ауданы Приурал Пб-нің УҰИ-на қамауға алынды.

Тергеу жұмыстарын БҚО Бәйтерек ауданы Приурал Пб жүргізуде.

Басқа ақпараттар ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.