Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Спортшы аттан құлап мерт болды

AstanaTV
05.02.2024ж. 17:00
1311
Спортшы аттан құлап мерт болды

Шабандоз Киган Киркбидің бапкері Пол Николлс әлеуметтік желіде спортшының аттан құлап қайтыс болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Оқиға ақпан күні ат жарыс кезінде болған.

Өмір кейде күрделеніп кетеді, жеңіс деген адам өмірімен салыстырғанда түк емес. Ең дарынды, ең еңбекқор спортшылардың бірі Киган Кирби жарыс кезінде қайтыс болды, — деді Николлс.

Жарыс жолағында тұлпар қоршаудан секіріп өткенде, спортшы құлап түскен. Медициналық қызметкерлер шабандозға көмектесуге тырысқанымен, оны аман алып қалу мүмкін болмаған. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.