Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Талдықорғанда 20 жастағы курсанттың мәйіті табылды

AstanaTV
05.02.2024ж. 15:33
560
Талдықорғанда 20 жастағы курсанттың мәйіті табылды

Желіде Талдықорғанда 20 жастағы курсанттың мәйіті табылғаны түсірілген видео пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жігіттің Алматы әскери институтының курсанты екені белгілі болды.

"2024 жылғы 4 ақпанда сағат 13:30-да 2004 жылы туған жас жігіт А. Алматыға қарай такси ұстаған. Ата-анасы ұлдарымен телефон арқылы хабарласа алмаған. Кейін Назарбаев көшесі, 101, Горький мектебіне қарама-қарсы жолдың бойынан жігіттің денесі табылғаны анықталды”, – делінген хабарламада.

Жетісу облысының полицейлері аталған жағдайға қатысты түсініктеме берді.

"Полиция суицидке итермелеу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қажет сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.