$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Ауа райының қолайсыздығы кедергі келтіреді, бірақ тез шешім қабылдауға тырысамыз", - ұшқыш

05.02.2024ж. 20:00
694
"Ауа райының қолайсыздығы кедергі келтіреді, бірақ тез шешім қабылдауға тырысамыз", - ұшқыш

Шығыста қар қалың жауды. Ауа температурасы 45 градусқа дейін төмендеді. Тіпті жол жабылып, ауылдармен байланыс болмай қалды. Тек тікұшақ қатынап, ең қажетті азық-түлік жеткізілуде. Медициналық көмек көрсетілуде. Көк аспан қаһармандары төтенше жағдай кезінде де қалтқысыз қызмет көрсетіп келеді.

Шығыстағы Күршім мен Марқакөл ауданының бес елдімекені қар құрсауында қалып, төтенше жағдай жарияланды. Қардың қалыңдығы кей жерде үш метрге дейін жетті. Аяз күшейіп, күн күрт суытты. Әуеден сәт сайын бақылау жасалып, жолда қалғандар құтқарылуда.

Дидар ОРАЗОВ, МАРҚАКӨЛ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

«Жаяу келе жатып, боранда жолдан адасқанымызды түсіндік. Қалжырап тоңып, қолымызды үсітіп алдық. Тікұшақ дер кезінде жетіп, аман қалдық.

Денис ГРУНСКИЙ, ШҚО АВИАЦИЯЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАС ҰШҚЫШЫ:

 Ауа райының қолайсыздығына байланысты кедергілер кездеседі. Бірақ орайын тауып, әуеге көтерілуге тырысамыз. Адам өмірі маңызды, тез шешім қабылдауға тырысамыз.

Кішкентай Давид қызыл жалынның арасында қалып, түтінге тұншықты. Қауіпті жерден оны әжесі алып шыққан. Тікұшақ дереу жетіп, ауруханаға жеткізді.

Анастасия СОЛОНЕЦ, ДАВИДТІҢ АНАСЫ:

«Айтудың өзі қорқынышты. Барлығы бір сәтте болды. Тікұшақпен баламды әкелді, дәрігер тез қызметіне кірісті. Қазір балам дін аман, балабақшаға барып жүр.

Сол сәтте тікұшақты Алексей Ильин басқарды. Мұндай жағдайға жиі кездесетінін айтады.

Тауда адасқан альпенистерді құтқарып, жүкті әйелдерді тасымалдаған.

Алексей ИЛЬИН, ШҚО АВИАЦИЯЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАС ҰШҚЫШЫ:

«Тіпті техника жете алмайтын таулы аймақтар бар. Тікұшаққа ұшу, қону алаңы қажет емес, адамдарды алып кету үшін және дәрігерлерді, құтқарушыларды түсіру үшін әуеде қалықтап тұрса да жеткілікті.

Таулы аймақ өртке оранған кезде де осы ұшқыштар тынымсыз тер төкті. Төбеден су септі.

Қалиқан БАЙҒОНЫСОВ, ШҚО АВИАЦИЯЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Ұшқыштарымыздың таулы өңірде тәжірибесі мол. Күніне 3 тоннадан артық су төккеніміз сөзіміздің дәлелі.

Былтыр санавиация бригадасы 88 адамның өмірін құтқар. Тәжірибелі ұшқыштар білгенін ізбасарларына үйретіп, ұрпақ сабақтастығының үлгісін көрсетуде.