Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

"Жатғаламшарлықтан жүкті болған": АҚШ құпия қызметінің деректері жарыққа шықты

AstanaTV
06.02.2024ж. 23:28
921
"Жатғаламшарлықтан жүкті болған": АҚШ құпия қызметінің деректері жарыққа шықты

Пентагрнның жасырын деректерін The Sun басылымы жариялады. Бұл туралы Bugin.kz хабарлайды.

Жатғаламшарлықтар адамдармен жыныстық қатынасқа түсіп, бір әйел жүкті болған. Өзге ғаламшарлықтардың адаммен жыныстық байланысы туралы 5 дерек бар.

"Anomalous Acute And Subacute Field Effects on Human and Biological Tissues" атты баяндамада жасырын деректер жарияланды. Баяндама 1500 беттен тұрады.

62 жастағы Ольга Грибованың басынан осындай күй кешкен екен. Ольга оқиғасын Андрей Малаховтың бағдарламасында айтып берген.

Содан кейін Грибова белгілі симптомдарды сезіп, дәрігермен кеңескен. Дәрігер Ольгада бір нәрсе болып жатқанын, бірақ түсініксіз нәрсе екенін айтқан.

Тольятиде 12 ай бойы ер адамдармен тығыз байланыста болмаған әйелге жүктіліктің 12-аптасында екені айтылған. Ол теледидардың алдында отырғанда қатты жарықты сезген. Ары қарай не болғанын өзі де білмейді…

Мадагаскарда 9 жыл жатғаламшарлықтардың «тұтқынында болған» деп аталатын қыз бар. 2012 жылдан бастап 2021 жылға дейін оның қайда болғаны белгісіз. Ол жадын жоғалтып алған.

Мұндай оқиғаларды бастан өткерген әйелдердің әңгімелеріне сенсек, көбіне жүктілік бала туылғанға дейін үзіледі. Оларды жатғаламшарлықтар қайта ұрлайды. Содан кейін қайтадан жүктіліктің белгілері байқалмай қалады.