$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Елена Рыбакинаның қарсыласы анықталды

AstanaTV
07.02.2024ж. 20:00
715
Елена Рыбакинаның қарсыласы анықталды

Армысыз спорт сүйер қауым, Сіздермен Астана телеарнасында қазақстандық және әлемдік спорттағы басты жаңалықтар туралы күнделікті бес минут айдары. Онымен таныстыратын мен Азамат Серікхан.

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Ұлыбританияның Ноттингем қаласында өтіп жатқан Челленджер сериясы турнирінде бірінші айналымында жеңіске жетті. Отандасымыз алғашқы кездесуінде Чарльз Брумды екі сетте 6:4, 7:6 есебімен жеңіп, жарыстан шығарды. Бір сағат 50 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Кукушкин 5 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың біреуін ғана пайдаланды.

Кездесу 1/16 финалдық кезеңде өтті. Айта кетейік, қазақстандық спортшы жекелей сында кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының әлемдік рейтингінде 247-ші орында тұр.

Ал, қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның Абу-Даби турниріндегі алғашқы қарсыласы анықталды. Рыбакина екінші айналымда әлемнің бұрынғы көшбасшысы жапондық Наоми Осаканы 7:5, 6:0 есебімен жеңген америкалық Даниэль Коллинзмен кездеседі. Коллинз үшін бұл оның турнирдегі үшінші кездесуі, ол іріктеудің бірінші кезеңінен басталды. Елена Рыбакинаның жаңа маусымның басындағы өнер көрсетуіне келетін болсақ, ол Австралиядағы турнирде титулды жеңіп алған болатын. Бірақ кейін екінші айналымда күтпеген жерден Австралия ашық чемпионатынан шығып қалды.

Құрлықтық хоккей лигасының матчында Астананың «Барысы» өз алаңында Хабаровтың «Амурымен» ойнады. Матч басталмай тұрып қазақстандық клуб Шығыс конференциясында соңғы орында, ал ресейлік клуб тоғызыншы орында тұрған еді. Алғашқы екі кезеңде қақпаға шайба соғылмады, үшінші кезеңнің соңында қарсылас команда Барыс қақпасынан саңылау тапты. Кездесу 0:2 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді. Қазақстандық клуб сегіз матч қатарынан жеңілді. Айта кетейік, 8 ақпанда «Барыс» өз алаңында Санкт-Петербургтің СКА командасын қабылдайды.

Катарда өтіп жатқан футболдан Азия кубогында алғашқы жартылай финалдық кездесу өтті. Финалдың жолдамасы Иордания мен Оңтүстік Кореямен сарапқа салды. Иорданиялықтар 53-минутта шабуылшы Язан Әл-Наймат есеп ашты. 13 минуттан кейін иорданиялық жартылай қорғаушы Муса Аль-Тамари есепті еселеді. Лондондық «Тоттенхэмнің» жұлдызы Сон Хён Мин бастаған оңтүстік кореялықтар бірде-бір гол соға алмады. Нәтиже 2:0. Айта кетейік, бүгін өтетін екінші жартылай финалда Катар мен Иран командалары ойнайды.

Мысырлық «Ливерпульдің» шабуылшысы Мохамед Салах жазғы трансферлік терезеде ағылшындық клубтан кетуі мүмкін. Оған Әл-Иттихад қызығушылық танытуда. Саудиялық клуб Салах үшін шамамен 235 миллион еуро төлеуге дайын. Осылайша, Ливерпульдің Салахты сатуы жаңа әлемдік рекорд орнатуы мүмкін. Қазіргі уақытта ең қымбаты Неймардың «Барселонадан» ПСЖ-ға ауысуы. Ол 222 миллион еуроға бағаланған. Естеріңізге сала кетейік, мысырлық футболшы 2017 жылы «Ромадан» «Ливерпульге» ауысқан болатын. Осы маусымда Мохамед Салах ағылшын командасы сапында барлық турнирлерде 27 матч өткізіп, 18 гол соғып, 9 нәтижелі пас берді. 31 жастағы ойыншының нарықтық құны Transfermarkt интернет-порталының мәліметі бойынша 65 миллион еуро. Қазіргі уақытта мерсисайдтықтар 2023/2024 маусымындағы ағылшын премьер-лигасының турнирлік кестесінде бірінші орында тұр.

Маусымның соңында ағылшын клубынан кететінін жариялаған Юрген Клопп «Барселонаны» басқаруы мүмкін.

Неміс маманы «Барселона» бір жылдық демалыстан бас тартуға дайын жалғыз команда екенін айтқан. Естеріңізге сала кетейік, Хави мен Клопп 2023/2024 маусымы аяқталғаннан кейін «Барселона» мен «Ливерпульден» кететініндерін мәлімдеген болатын. Қазіргі уақытта «Барселона» Испания премьер-лигасының турнирлік кестесінде үшінші орында тұр. Хавидің шәкірттері 23 турда 50 ұпай жинады. Юрген Клоб командасының қоржынында 23 матрчта 51 ұпай бар.

Жаңа тегін X5 ойыны (Winline букмекерінен)

Winline қосымшасын жүктеп алыңыз

5 матчтың нәтижелерін таңдаңыз, сонда

5 миллион (теңге) сіздікі болуы мүмкін! Винлайн қосымшасының х5 бөліміне кіріп, экранда көрсетілген ойындардың нәтижесін тапсаңыз жүлде сіздікі! Еш күмәніңіз болмасын, Winline төлейді. Сонымен қатар, 1 ақпаннан бастап Винлайн Ресей Премьер лигасының қысқы кубогы өтуде. "Қайрат" футбол клубымен және Винлайн компаниясымен бірге Сіз Абу-Дабиге жолдама және бағалы сыйлықтар ұтып ала аласыз! Спорт әлемінен келіп түскен жаңалықтар легі осындай, жеңісті күндерде жүздескенше, сау болыңыздар!